Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шықты
Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, финалға шықты
Фото: Sports.kz
176
оқылды
Қазақстандық боксшы Мұхаммед Аттиа-Хамед Дубайда (БАӘ) өткен бокстан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты. Жасөспірімдер арасындағы турнирде (2005-2006 ж.т.) 81 келіге дейінгі салмақта Аттиа-Хамед жартылай финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілі Мохаммед Касиммен кездесіп, оны бірінші раундта нокаутқа жіберді. Оған дейін төреші араб боксшысының нокдаунын санаған. Осылайша, Мохаммед Аттиа-Хамед жасөспірімдер чемпионатының финалына шықты, енді ол алтынға таласады. Сондай-ақ, Дубайда жасөспірімдер турнирімен қатар, жастар арасындағы (2003-2004 ж.т.) жарыстар өткізілуде.