Биылғы жоспар – 33,6 мың тонна күріш
Биылғы жоспар – 33,6 мың тонна күріш
575
оқылды

Алматы облысының Қаратал мен Балқаш ауданында мал шаруашылығымен бірге өсімдік шаруашылығы да өркен жайған. Осы екі ауданда өсірілетін егістіктің ішінде күрішке де баса назар аударылады. Елімізде Балқаш пен Қараталдың күрішін тұрақты сатып алатын өз тұтынушылар тобы қалыптасқан.

Биыл жетісулық диқандар 8,2 мың гектарға күріш ексе, соның басым бөлігі – 7,4 мың гектары Балқаш ауданында ор­наласыпты. Қазір ауданда төрт шаруа қо­жалығы ақмаржан өсіруді өздері ай­налысатын кәсіптердің көшбасына қойып отыр. Оларда өсірілген ақмар­жан­ды жеті арнайы цех заманауи техноло­гиялық желілер арқылы өңдеуден өткізіп, тұтынушыларға дайын өнім жөнелтеді. Аймақтағы күріш өсіретін жетекші кәсіпорынның бірі – «Бірлік» Агрофир­масы» ЖШС биыл 1 114 гектар жерге кү­ріш өсіріп, баптауда. Әзірге алдағы күзге жасап отырған болжам жаман емес. Күріш өсірудің қыры мен сырын әбден меңгерген шаруалар, бұйыртса   гектары­нан 44 центнерден дән аламыз деп ала­қандарын ысқылап отыр. Қазір алқап­тардағы ақмаржанның бастары толысып, сүттенуде. «Бірлік» Агрофирмасы» ЖШС ди­ректоры Алмас Қыстаубаевтың айтуын­ша, кәсіпорын 2004 жылы халықаралық деңгейдегі агрономдардан өндіріс орны шығаратын өнімдердің экологиялық тазалығы мен жоғары сапасы жөнінде сертификат алыпты. – Технопаркті барынша жаңалау және элиталық сортты тұқымдар сатып алу арқасында өнімділікті одан ары арттыруды жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты бірінші кезекте жердің құ­нарлылығын арттыруға барынша көңіл бөлудеміз. Өнімдердің жоғары сапасына қол жеткі­зу – оңай шаруа емес. Қажырлы еңбек пен қомақты қаржыны қажет етеді. Соған қарамастан бар мүмкіндігімізді тұ­­ты­нушылар талабынан шығуға жұмсау­дамыз. «Бақанастың күріші қандай ірі  әрі дәмді. Палауға да таптырмайды» де­ген сөздерді естігенде, кеудемізді мақта­ныш кернеп, қуанып қаламыз. Бұл мо­йын­дау біздің еңбегіміздің ақталғанын білдіреді. Бүгінде Бақанастың күріші Алма­ты қа­ла­­сын қоса алғанда, еліміздің барлық ай­мағында сұранысқа ие, – дейді директор. «Бірлік» Агрофирмасы» ЖШС 2001 жылы құрылған. Күрішке қоса, бидай мен жоңышқа өсіреді. Биыл 1 589 гек­тарға бидай егіп, гектарынан 18,5 цент­нерден өнім жинады. Орақ аяқталып, астық қамбаға құйылды. Сонымен бірге серіктестік  мал шаруашылығын мүм­кіндігінше дамытып келеді. Қазір шар­уашылықта 1 000 жылқы, 3 500 сиыр мен 4 500 қой-ешкі бар. Жалпы, биыл Балқаш ауданында ауыл шаруашылығы дақылдары 30 мың гектарға егілген. Аудан бойынша күріш­тің түсімі гектарынан 43,4 центнерден айналады деген үміт үлкен бар. Мұнда күріштің «Бақанас», «Регул» және «Заря» атты үш түрі өсіріледі. Жоғарыда жазғанымыздай, облыс­тағы Қаратал ауданында да аз да болса ақмаржанды алқаптар орналасқан. Биыл қараталдықтар 770 гектарға күріш сеп­кен. Екі ауданды қоса есептегенде, жос­пар орындалса, күзде барлығы 33,6 мың тонна аппақ дән жиналып, өңделіп, қам­баға құйылады. Өңірде күріш шаруа­шылығының дамуына қос ауданның әрқайсысында екі-екіден құрылған 4 сервистік-дайындау орталығы айрықша ықпал етіп отырғаны анық. Балқаш ауданындағы сервистік-дайындау орта­лықтарында жалпы құны 874 миллион теңге болатын 11 бірлік ауыл шаруашы­лығы техникасы бар. Негізі, облыста агроөнеркәсіптік ке­шеннің табысты дамуы және осы салада еңбек ететіндерді қолдау үшін 53 сер­вистік-дайындау орталығы құрылып, аграршыларға қызмет көрсетуде. Осы ор­талықтарға 11,6 млрд теңгеден астам қар­жыға сатып алынған 1 258 бірлік ар­найы техника қаржылық лизингке бе­рілген. Олардың арасында биыл Ескел­ді ауданында картоп өсіру бағыты бо­йынша жұмысқа кіріскен сервистік-дайындау орталығына 397 миллион тең­геге ауыл шаруашылығы техникасы сатып алыныпты.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы