344 мұғалім заңсыз алып келген үстемеақыларын кері қайтарады
344 мұғалім заңсыз алып келген үстемеақыларын кері қайтарады
©caravan.kz
203
оқылды

Шымкентте ұстаздар біліктілігін арттыру сертификатын сатып алған. Яғни, 344 мұғалім бұдан 2-3 жыл бұрын жалған құжат жасатып, үстеме ақы алып келген. Олардың көбі алған ақшасын сотқа дейін-ақ қайтарған.

Ал 23-і кінәсін мойындамаған. Алайда сотта анықтаманың жалған екені дәлелденді. Яғни, олардың аты-жөні республикалық тестілеу орталығының деректер базасында тіркелмеген. Ал сертификатты сатқандардың ісі сотта «Алаяқтық» фактісі бойынша қаралып жатыр. Күдіктілер қатарында қалалық Білім басқармасының қызметкері мен аттестаттау комиссиясының төрағасы бар.

– Білім басқармасының талап қою арызы толық қанағаттандырылып, біліктілік санатын беру туралы куәліктері жарамсыз деп танылды.  23 жауапкерден 15 миллионға жуық ақша мемлекет пайдасына өндірілді. Төрт жауапкерге қатысты бөлігі талап қоюшының арызы бойынша қараусыз қалдырылды, – деді қалалық әл-Фараби аудандық сотының судьясы Нұрғали Исмаилов.