Ресей мыңға жуық ауғанстандықты қабылдайтын болды
Ресей мыңға жуық ауғанстандықты қабылдайтын болды
Сурет: ritmeurasia.org
203
оқылды
Қатарында студенттер де бар. Ресейдің Кабулдағы елшілігі Ауғанстанның мыңға жуық азаматының Ресейге келу мүмкіндігін мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness. Енді РФ аумағына Ресей паспорты, елде тұруға берілетін ықтиярхаты немесе жұмыс визасы бар адамдар кіре алады. Сонымен қатар мұндай рұқсат ауғанстандық студенттерге де берілді. Ауған диаспоралары орталығының өкілдері азаматтардың бірқатар санаты бойынша әлі тексеріс жүріп жатқанын атап өтті. 24 тамызда ресейлік университеттерде білім алып жүрген ауғанстандық студенттер тобы жасырын түрде Ресей билігіне ашық хат жазған еді. 150-ден астам адам көмек сұрап, оларды Ауғанстаннан алып кетуін өтінген. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль Ауғанстаннан алып кетуді сұрағандардың өтініштерінің барлығын тіркейтінін айтты. Ресей Федерациясының Кабулдағы дипломатиялық өкілдігі эвакуация мәселесі пысықталып жатқанын, рейстерді ашу қыркүйек айында сұратылатынын мәлім етті. Бұған дейін Ресей азаматтығы бар Ауғанстанның 400-ге жуық азаматы Ресейдің Кабулдағы елшілігінен елден кетуге көмек көрсетуді сұраған болатын.