Өнер иесі жеті жылдан бері күткен сәби дүниеге келгенін айтып, оқырмандарын сүйіншіледі.
«Әнұза деп қойдық!»: Тамара Асар жеті жыл күткен сәбиге қандай есім қойғанын айтты
103
оқылды

Қазақстандық әнші және продюсер Тамара Асар әлеуметтік желіде отбасында қуанышты жаңалық болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өнер иесі жеті жылдан бері күткен сәби дүниеге келгенін айтып, оқырмандарын сүйіншіледі.

Әншінің айтуынша, сәбидің дүниеге келуі қасиетті ораза айы мен Амал-Наурыз мерекесіне тұспа-тұс келген. Тамара Асар қыз баласына Әнұза есімін қойғанын айтты.

– «Сүйінші, ардақты ағайын! Жеті жылдан бері күткен сәби өмірге келді. Мен кіндік шешесімін. Қолды Құдай құр қайтармады, шүкір. Сіздерге де жұғысты болсын», – деп жазды Тамара Асар.

Әншінің сөзінше, жаңа туған қыздың толық аты Қалнияз Әнұза Сертайқызы болып, отбасына қуаныш сыйлаған.