Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды
Алматы облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды
Фото: Zakon.kz
Алматы облысында жол апаты болды. Toyota Carina мен "Лада 2107" көліктері соқтығысты. Төрт адам көз жұмды, тағы төрт адам зардап шекті, – деп жазады Sputnik.kz. Апат видеосы әлеуметтік желілерде тарауда. Мәлімет бойынша, апат таңғы сағат 8:40-та болған.
"Лада 2107" көлігінің 21 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. "Лада 2107" 61 жастағы жүргізушісі мен Toyota Carina-ның екі жолаушысы Қаскелең ауруханасында қайтыс болды. Төрт адам түрлі жарақат алды", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.