Алматыда жеңіл автокөлік пойыз астына түсті
Алматыда жеңіл автокөлік пойыз астына түсті
©sputnik.kz
205
оқылды

Алматыда 70-ші разъезде (Сүйінбай даңғылы мен Іле жолы арасында) Toyota Camry көлігі пойыз астына түсті.

Көлік жүргізушісінің айтуынша, ол теміржолға шыққанда, шлагбаум көтеріліп тұрған, бағдаршамда "қызыл" жанбаған. Дәл осы сәтте оған тепловоз соғылып, бірнеше метрге сүйреп әкеткен, содан кейін тоқтаған.
 
Апат орнында кептеліс пайда болды. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы зардап шекті, әйел ауруханаға жатқызылды.
 
Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.