Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.
«2021-2022 оқу жылында барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқуға рұқсат етілсін», – деп жазылған қаулыда.
«Барлық меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларына жаңа оқу жылында мынадай сақтық шараларын ұйымдастыру жүктелген:
ҚР Бас санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 тамыздағы №36 қаулысының 1,2 және 3- қосымшаларындағы талаптарында көзделген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтауды;
– педагогтер мен персоналдың 100% вакциналануы (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, адамдар COVID-19-бен ауырып сауыққаннан кейін 3 ай ішін қоспағанда);
– ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтерді, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 және одан жоғары жастағы білім алатын келушілерді QR-код (check-in) бойынша тіркеу);
– маска режимін сақтау;
– рециркуляторлардың, санитайзерлердің, тері антисептиктерінің, дезинфекциялау және жуу құралдарының жеткілікті көлемде қамтамасыз ету;
– үй-жайларды жинау және дезинфекциялау жиілігін арттыру;
– үй-жайларды ылғалды жинау және дезинфекциялау, үй-жайлардың ауасын желдету және зарарсыздандыру режиміне қойылатын талаптарды сақтау;
– педагогтердің, персоналдың және білім алушылардың күнделікті «кіру» сүзгісі (байланыссыз термометрмен термометрия);
– бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т.б.);
– мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салу;
– зертханалық, практикалық сабақтарды қоспағанда, кабинеттік оқыту жүйесін болдырмау;
– бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларын бөлек ұстау (сабақтың басталу уақыты бойынша ең жоғары мүмкіндікті ескере отырып) жағдайларында оқыту;
– асханадағы ауа рециркуляторларының қондырғыларымен қамтамасыз ете отырып, тамақтануды ұйымдастырудағы бақылауды күшейтуді тапсырамын», – деп атап өтілген қаулыда.
Қол қойылған күннен бастап күшіне енген құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.