Павлодарда мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан 2 ер адам жұмыс үстінде ұсталды
Павлодарда мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан 2 ер адам жұмыс үстінде ұсталды
© polisia.kz
190
оқылды
Павлодарда мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысқан екі адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жанар-жағармай материалдарын жымқырды деген күдікпен топтағы адамдардың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
– Жоғарыда аталған адамдар Павлодар қаласының автожанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін тасымалдаумен айналысатын Павлодар қаласының бір ұйымының қызметкерлері болып шықты. Күдіктілер алдын ала дайындалған сызба бойынша, соның ішінде тасымалданатын отынды жеткізу және құюмен айналысқан, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 50 және 47 жастағы екі павлодарлықты ұстады. Алдын ала келтірілген шығын шамамен 17 миллион теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 4-тармағының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерге қатысты “ешқайда шықпау туралы” қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. https://www.youtube.com/watch?v=W6WI0PEwTTU&t=83s