Алматы тас жолында шағын автобус өртеніп кетті
Алматы тас жолында шағын автобус өртеніп кетті
169
оқылды
Алматы облысындағы тасжолда шағын автобус өртеніп кетті. Әлеуметтік желілерде Алматы-Қапшағай тасжолы жиегінде автокөлік жанып жатқаны түсірілген видео пайда болды. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, оқиға 25 тамызда сағат 12.25-те Қапшағай қаласында болған. ТЖД арнасына Алматы-Өскемен тасжолының бұрынғы жол-патрульдік қызметі бекеті маңында шағын автобус өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Ведомство дерегі бойынша, автобустың өртенуіне қозғалтқыш бөлігіндегі техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Көлік маркасы -–Toyota Hiace. Оқиға орнына келген өртсөндірушілер бір автокөлік көмегімен өртті сағат 12.45-те сөндірген. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.