Тараз маңындағы жарылыстан қанша адам жарақат алғаны белгілі болды
Тараз маңындағы жарылыстан қанша адам жарақат алғаны белгілі болды
152
оқылды
Тараз маңындағы жарылыстан 32 адам зардап шегіп, Тараз қалалық №1 ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілген, – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі.
"Оқиға орнына 16 жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілді, алдын ала деректер бойынша сағат 21.00-дегі жағдай бойынша Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына 32 адам түрлі жарақатпен түсті (жеке деректер нақтыланып жатыр). Құрылған жедел штабтың басшысы – облыс әкімі Б.Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", – делінген хабарламада. 
Оқиға орнында қазіргі уақытта эвакуацияланған Байзақ ауданының Үшбұлақ (120 тұрғын), Жібек жолы (500 тұрғын), Қайнар (85 тұрғын) елді мекендері орналасқан. Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары бастаған комиссия аттанды. Олар ТЖ салдарын жоюмен айналысатыны айтылды.