Ауғанстан мәселесін талқылады
Ауғанстан мәселесін талқылады
346
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еу­ро­па­лық кеңес Президенті Шарль Мишель-мен және  Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Сауд-пен телефон арқылы сөйлесті.

Еуропалық тараптың бастама­сы­мен Қасым-Жомарт Тоқаев Еу­ропалық кеңес Президенті Шарль Мишельмен телефон ар­қы­лы сөйлесті. Президенттер Ауғанстандағы қа­зіргі жағдай бойынша жан-жақ­ты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельдің сұрауы бойынша, Қазақстанның ауған мә­селесіне қатысты ұстанымын біл­дірді. Мемлекет басшысы әлем­дік ұйымға қолдау көрсету мақ­са­тымен БҰҰ-ның Ауғанстандағы кең­сесін Алматыда уақытша ор­наластыру туралы шешім қабыл­дан­ғанын хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан­дағы ауған студенттеріне де тиіс­ті көмек көрсетіліп жатқанын айт­ты. Мемлекет басшысы ауған мә­селесіне қатысты, соның ішінде Ау­ғанстанда да Қазақстан мен Еу­ро­палық кеңес тығыз қарым-қа­тынас орната алады деп есептейді. Қа­зақстан Еуропалық Одақ ел­дері­нің азаматтарын эва­куация­ла­ған ұшақтарға өз әуежайларында жанар-жағармай құюға мүмкіндік жасағаны туралы айтылды. Мемлекет басшысы Ауған­стан­­да барлық этностық топтар­дың қатысуымен инклюзивті үкі­­мет құрылғаннан кейін жағ­дайдың тұрақталатынына үміт­тенеді. Бұ­ған соғыстан зардап ше­гіп отырған бар­лық ауған хал­қы мүдделі. Ал Сауд Арабиясы Корольді­гі­нің тақ мұрагері ханзада Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон ар­қылы сөйлесу барысында тарап­тар мұсылман жыл санауы бойын­ша жаңа Хижра жылының бас­талуы­на орай бір-бірін құттықтап, екі ел арасындағы ынты­мақ­тас­тық­тың қазіргі жағдайы мен оны ны­ғайту перспективаларын тал­қы­лады. Қазақстан Президенті бүгінгі екі­жақты қатынастар деңгейін оң ба­ғалап, қосымша серпін беру мүм­кіндіктерін қарастыру қажет­ті­гін айтты. Осы орайда, Қасым-Жо­март Тоқаев пен Сауд Ара­бия­сы­ның тақ мұрагері мемлекеттер ара­сындағы ықпалдастықты жаңа жобалармен толықтырып, оларды бірлесе жүзеге асыруға бағытталған «Қа­зақстан – Сауд Арабиясы» Үй­лес­тіру кеңесін құру туралы бас­та­маны толықтай қолдады. Ханзада Мұхаммед бен Сал­ман­ның айтуынша, Эр-Рияд қа­зақ на­рығындағы инвес­тиция­лық әлеуе­тін арттыруға мол мүм­кіндік бар екеніне көз жеткізіп отыр. Мемлекет басшысы бұл пікір­мен келісе отырып, Сауд Арабиясы Ко­рольдігінің тақ мұрагерін екі­жақ­ты ықпалдастықтың барлық ба­ғыттарын талқылау мақсатында Қа­зақстанға сапармен келуге ша­қырды. Сондай-ақ тараптар Ауған­стан­дағы жағдайды және оның өңір­лік қауіпсіздік үшін ықтимал сал­дары мен қауіп-қатерлерін жан-жақты талқылады. Аталған ел­дегі ахуалға қатысты алаң­дау­шы­лық білдіріп, Ауған елінің тұрақ­­сыздық бастауына айналмай, бей­біт жолмен шешілетініне үміт арт­ты.