Оқу жылына дайындықты тексерді
Оқу жылына дайындықты тексерді
289
оқылды

«Nur Otan» партиясы Қы­зылорда қалалық филиалы жа­нынан құрылған «Ұлт ден­сау­лығы және білім мен ғы­лым­ды дамыту жөніндегі» кеңес мүшелері облыстық Біл­ім басқармасына қарасты ин­тернаттық мекемелердің жаңа оқу жылына дайын­ды­ғын тексерді.

Мониторинг жұмысы №9 жә­не №10 дарынды балаларға ар­налған облыстық «Білім-ин­новация» лицей-интернаты оқу ғимараты мен жатақханалардың жағдайын бақылаумен басталды. Оқу корпусы мен жатақханаларда әлеуметтік қашықтықты сақтау жөніндегі белгілер орнатылған. Сондай-ақ мектеп ғимаратына же­ке есік арқылы кіргізу мүм­кін­дігі де қарастырылғаны белгілі бол­ды. Мониторинг топ мү­ше­лері санитайзерлер, антисеп­тик­тер, жуғыш және дезинфек­ция­лай­тын құралдар жеткілікті мөл­шерде қамтылуы және сол сияқ­ты бактерицидтік шамдармен қам­тамасыз етілуін басты назарға ал­ды. Тексеру жұмысы барысын­да бірқатар мәселе де шықты. Ол проб­лемалар бойынша оқу ор­ны­ның директорларына нақты тап­сырмалар берілді. Бұдан бөлек, қаладағы «Ба­қыт­ты Отбасы» орталығында «Нә­­­­тижелі жұмыспен қамтуды жә­не жаппай кәсіпкерлікті да­мытудың» 2017-2021 жылдарға ар­налған жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бойынша мемлекеттік грант­тар алуға үміткерлердің өті­ніштері қаралды. Бұл мақсатта ар­наулы комиссияның кезекті отырысы болды. Бұл жерде өз кә­­сібін бастаймын деген қала тұр­ғындары бизнес жоспарларын ұсы­нып, қорғады. Бизнес жос­пар­ларының басым бөлігі мал шаруашылығы, автокөліктерге қыз­мет көрсету, тігін, сән сало­нын ашу, кондитерлік өнім шы­ғару бойынша. Бұл бағ­дар­ла­ма­ның ерекшелігі жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, еңбек ре­сурс­тарының үлесін көбейтуге, бел­сенді жұмыс істейтін шағын жә­не орта бизнес субъектілерінің өсуіне жол ашады. Сонымен қатар «Nur Otan» пар­тиясы Қызылорда қалалық фи­лиалы жанындағы «Өңірлік даму жөніндегі кеңестің» бас­қо­суы өтті. Кеңес отырысы­ның күн тәр­тібінде «Nur Otan» партия­сы­ның Қызылорда қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөнінде сөз болды. Жол кар­тасында көрсетілген Электр же­лілерінің тозу деңгейін төмен­дету бойынша атқарылған жұ­мыс­­тар мен «КазАгроМир» ЖШС-нің жылыжай кешені жобасының іске асырылу барысы қаралды. Электр желілерінің тозу дең­гейін төмендету бойынша ат­қа­рыл­­ған жұмыстар жөнінде «Қы­зыл­орда электр тарату тораптары ком­паниясы» АҚ-ның Өндірістік тех­никалық қызметінің бастығы Нұржан Күздубаев баяндады. «2016-2020 жылдар аралы­ғын­да Еуразиялық қайта құру жә­не даму банкінен №1-келісім­шарт аясында электр желілерін қай­та жаңғырту жұмыстарына 455 миллион тенгеге және №2-ке­лісімшарт аясында электр энер­гиясын есепке алудың за­манауи құрылғыларын орнату жұ­мыстарына 615,6 миллион тең­ге алдық. Жалпы сомасы 516 мил­лион теңгеге жұмыстар то­лық аяқталды. Жобаны іске асыру аясында келесі жұмыстар орын­далды: Қызылорда қаласы бойын­ша 10/0,4 кВ әуе желісі – 294,6 шақырым, 10/0,4 кВ Кабел­дік желісі – 11,9 шақырым, 10/0,4 кВ қосалқы станса – 52 дана, 10 кВ тарату пункті 1 данасы қойыл­ды. Электр энергиясының үздік­сіз берілуін қамтамасыз ету үшін Қызылорда қаласында Қы­зыл­жар­ма АЭТ-на қарасты аумағын­да орталық тарату пункті орна­тыл­ды. Оған 116 миллион теңге жұм­салды, – деді ол. Одан бөлек, «КазАгроМир» ЖШС ашқан жылыжай кешені пай­далануға берілгені мәлім бол­ды. Жылыжай күніне 5-6 тон­на қияр жинап, алдағы уа­қыт­та қуат­тылығын күніне 10 тон­наға дейін ұлғайтпақ. Жы­лы­жайдың жыл­дық қуаттылығы мың тонна бо­лып отыр. Қазір 30 адамды тұрақ­ты жұмыспен қам­тыған.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ