Экологиялық ахуал сөз болды
Экологиялық ахуал сөз болды
292
оқылды

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жа­нындағы қоғамдық экологиялық кеңес мүшелері Пар­ламент Мәжілісі депутаты Еділ Жаңбыршин және Самат Мусабаевпен кездесу өткізді. Басқосуда өңірдің эколо­гиялық ахуалы туралы мәселе қозғалды.

Оффлайн және онлайн режи­мін­де өткен кездесу кезінде «Nur Otan» партиясы республикалық қо­ғамдық экологиялық кеңес тө­­ра­ғасының орынбасары, мә­жі­лісмен Еділ Жаңбыршин өзінің рес­публика және облыс дең­гейін­дегі экологиялық мәселе­лер­ді шешу бағытындағы қыз­ме­ті­мен таныстырды. Ал Маңғыстау өңіріне жеке тоқталсақ, күрмеуі қиын экологиялық проблемалар жетерлік. Қошқар ата улы көлі, тұрмыстық қатты және құрылыс қал­дықтары, көгалдандыру мен ауызсу тапшылығы мәселелері бар. Биылғы құрғақшылықтың об­­­лыстың мал шаруашылығына ти­гізіп жатқан ауыр зардабы сияқ­ты өзекті проблемаларды ше­шудің тиімді жолдарын іздес­тіру қажет-ақ. Осы бағытта кеңес мү­шелері бірнеше ұсыныс жет­кізді. Сондай-ақ Мәжіліс депутаты Са­мат Мусабаев Каспий теңізінің эко­логиялық мәселелерін ше­шу­ге облыстық кеңес мүшелерін бел­сенді атсалысуға шақырды. – Өз тарапымнан, облыстық кеңес төрағасы ретінде, «Табиғи орта» Батыс Қазақстан ҮЕҰ өңір­лік ассоциациясы Биоалуан­түр­лі­лікті қорғау бойынша қоғамдық инспекциясының қызметін жаңа Экологиялық кодекс талап­та­ры­на сәйкестендіру керегін қайта­лай­мын. Бұл мақсатта «Nur Otan» пар­тиясы республикалық қо­ғам­дық экологиялық кеңесінің қол­дауы керек екенін жеткіздім, – де­ді ол. Қазір аймақта тиімді ат­қа­ры­лып жатқан жұмыстар бар. Мы­са­лы, Маңғыстау облысының Ақ­тау қаласы және оған іргелес ор­наласқан Мұнайлы ауданы, сонымен қатар Қарақия ауданы ауылдарын ауызсумен жеткілікті дең­гейде қамтамасыз ету мақ­сатында «Каспий» су тұщыту зауы­­­тының қуатын 40 мың текше метрге дейін ұлғайту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Оған республикалық бюджеттен 2021 жыл­ға дейін 1 миллиард теңге бө­лініп, толықтай игерілді. Биыл аталған жұмыстарды жал­ғас­тыруғ­а тағы да 6,7 миллиард теңге бө­лініп, тамыз айында жергілікті бюд­жетке тиісті қаражат толық­тай түсті. Бұл қаражат зауытқа осы апта соңында тікелей ау­дары­ла­тын болады. Аталған жұ­мыс­­тар­дың орындалуы облыс әкім­дігінің ті­келей бақылауында. 

М.ТӨЛЕУ