Сыр өңірінің өркендеуі тәуелсіздікке тікелей байланысты
Сыр өңірінің өркендеуі тәуелсіздікке тікелей байланысты
252
оқылды

Қызылордада ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Конс­титуция күніне орай дөңгелек үстел өтті. «Тәуелсіз Қазақ­стан: жасампаздыққа толы жылдар. Қызылорда облысының басты жетістіктері» тақырыбымен өткен жиында отыз жыл­да еліміз бен Қызылорда облысының қол жеткізген та­быс­тары мен жасампаз істері, жарқын жетістіктері сөз болды.

Ел тарихына шолу жасап, ұлт­тық құндылықтар дәріптелген бас­қосуда Елбасының сарабдал саяса­тымен жүзеге асқан Қазақ­станның даму моделі, тәуелсіздікті қалып­тастырудағы Ұлт көшбас­шысының рөлі айшықталды. Бұл басқосуға аймақтың зиялы қауым өкілдері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, ғалымдар, желтоқ­сан­шылар мен Семей ядро­лық поли­гонына қарсы қозғалыс мүшелері, Ауған соғысының арда­герлері, үкіметтік емес ұйым өкіл­дері, об­лыстық этномәдени бірлес­тік­тер мен жастар ұйымының же­тек­шілері және белсенділері қатысты. Басқосуда сөз алған облыс әкі­мінің орынбасары Серік Ахмет «Тәуелсіздігіміздің 30 жылы – қайта жаңғырған қазақ мемлекет­тігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттық­тың тұғыры нығая түскенін әйгілей­тін маңызды белес», – деп атап өтті. «Eлбaсының көшбaсшылық қaсиeті ел экономикaсын әлeм бойыншa eң қарқынды дaмушы мемлекеттердің дәрeжeсінe жeт­кізді. Конституцияны қабылдап, ұлттық валютамыз төл теңгемізді айналымға енгізіп, дербес қаржы жүйесін құрды. Бейбіт жағдайда мем­лекетіміздің шекарасы шеген­деліп, нарықтық экономикаға ба­тыл қадам бастық. Экономикадағы даму динамикасы да еліміздің Тұң­ғыш Президентінің еселі еңбегінің, сындарлы саясатының жемісі», – деді дөңгелек үстелге қатысушы са­рапшылар. Сонымен бірге Парламент Се­натының депутаты Мұрат Бақ­тияр­ұлы «Тоқырау жылдарында нарық­тық экономикаға көшу – бұл өте қиын шаруа. Орталық Азия мем­лекеттерінің ішінде біз ең алғашқы болып 1992 жылдан бастап нарық­тық қатынасқа ендік. Қазір толық­қанды Тәуелсіз Қазақстан мемле­кеті нарықтық қатынасқа енген мемлекет деп әлем жұртшылығы мойындайды», – деп пікір білдірді. Өз кезегінде неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек «Тәуелсіздіктің арқасында әсем астанамызды салдық. Жастарымыз­дың болашаққа деген сенімі арта түсті. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, ел бірлігі нығая түсті. Өңірлерде Достық үйлері ашылды. Тұрақтылықтың арқасында еліміз көркейді, дамудың даңғыл жолына түсті», – деді. Келелі кездесуді қорытын­ды­ла­ған сарапшылар Еуропа қауіп­сіз­дік ынтымақтастық ұйымына төр­аға­лық ету, EXPO-2017 халық­аралық көр­месін өткізу, Солтүстік Арал те­ңізін сақтап қалу сияқты ірі тарихи оқиғалар еңселі елдің әлем­дік аре­на­дағы салмағын айқындаса, осы та­рихи кезеңде ұлтқа көшбас­шы бо­­лып, дамудың дара бағытын қа­лып­­тастыру, мемлекетімізді жаңа бе­­лестерге жетелеу Елбасының есі­мі­мен тығыз байланысты екенін айтты.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙ, Қызылорда облысы