Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Клинико-Диагностикалық орталығы. Телефон: +7(7253) 36-36-14.
Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 24-бабының d-тармағына сәйкес, конкурс негізінде «Клинико-Диагностикалық орталығының ота бөліміндегі MAXI 2200 модельді 2 дана наркоздық аппарат» сатып алу.
Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: Шартқа сәйкес Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша. Жеткізудің басталуы: 2021 жылғы қыркүйек, аяқталуы 2021 жылғы 25 желтоқсанға дейін.
Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтерін немесе суреттерін өткізуі тиіс.
Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек;
Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 5-пайызы (%) мөлшерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Клинико-Диагностикалық орталығы, БСН: 070140010161, БСК:IRTYKZKA, ЖСК: KZ2796516F0007793581, Кбе:16, «ForteBank АҚ Шымкент қаласы» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат;
Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 ай болу міндетті.
Сатып алынатын «Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Клинико-Диагностикалық орталығының ота бөліміндегі MAXI 2200 модельді 2 дана наркоздық аппарат бойынша қажетті құжаттар тізімі мен келісімшарт үлгісін Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Клинико-Диагностикалық орталығының №403 кабинеттен алуға болады.
Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 02.09.2021, сағат 16.00Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:
Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 7 күнтізбелік күн ішінде Түркістан қаласы Б.Саттарханов даңғылы №29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Клинико-Диагностикалық орталығы, №403 кабинетте қабылданады.