Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады
©ria.ru
267
оқылды

Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы жарылыстан әскерилердің қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қырғыз Республикасының президенті бұл қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын атап өтті.
Сондай-ақ өзінің және қырғыз халқының атынан қаза тапқан жандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұдан бөлек, ол жараланғандардың тезірек жазылуын тіледі.