Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді
Тоқаев Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізді
© akorda.kz
229
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады. 
Жиынға Премьер-министр, құқық қорғау, қорғаныс, қауіпсіздік және басқа да күштік құрылымдардың басшылары қатысты. Сондай-ақ, Тараз қаласынан бейнебайланыс арқылы Қорғаныс, Төтенше жағдайлар министрлері және Жамбыл облысының әкімі қатысты.
Бұл шұғыл жиналыс туралы толық ақпарат www.akorda.kz сайтында жарияланады.