Роналду "Манчестер Юнайтедке" қайта оралмақ
Роналду "Манчестер Юнайтедке" қайта оралмақ
193
оқылды
Португалдық шабуылшы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайтып оралды, – деп хабарлады клубтың ресми сайты. Футболшы медициналық тексеруден өткеннен кейін клубпен келісімшартқа отырады. https://twitter.com/ManUtd/status/1431283208889544707?s=20   Манкуниандықтар трансфер бойынша ресми ұсынысты "Ювентуспен" португалдық агент Хорхе Мендешке жіберген. Журналист Жанлука Ди Марционың хабарлауынша, Роналду маусымдық жалақысы 25 миллион фунт болатын 2 жылдық келісімшартқа отырады. https://twitter.com/FabrizioRomano/status/1431248252968505346?s=20 Роналду 2003-2009 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтед» сапында ойнап, 292 ойында 118 гол соққан.