Түйткілді мәселелер қаралды
Түйткілді мәселелер қаралды
380
оқылды

Маңғыстау облыстық мәс­лихатында «Nur Otan» пар­тиясы депутаттық фрак­ция­сының отырысы өтті. Оты­рыста маңызды төрт мә­селе қаралды.

Атап айтқанда, Өңірдің әлеу­меттік-экономикалық дамуы, Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы және Маңғыстау облысының әлеу­меттік маңызы бар қаты­нас­тардың тізбесін айқындау және об­лыстық мәслихаттың 2006 жыл­ғы 14 қазандағы №17/317 «Об­лыс әкімі жанындағы отбасы іс­тері және гендерлік саясат жө­ніндегі комиссияның құрамы тура­лы» шешіміне өзгеріс енгізу ту­ралы болды.⠀ Отырысқа Маңғыстау облыс­тық мәслихатындағы «Nur Otan» пар­тиясының депутаттық фрак­ция­сының мүшелері, облыстық мәс­лихат хатшысы Нури Тұмы­шев, облыс әкімінің орынбасары Нұрлыбай Аққұлов пен Эконо­мика және бюджеттік жоспарлау, Жолаушылар көлігі және авто­мо­биль жолдары басқармасының өкіл­дері қатысты. Жиналыс он­лайн және дәстүрлі форматта өт­кізілді.⠀ Алғашқы мәселе бойынша Нұр­лыбай Аққұлов баяндама жа­сап, Маңғыстау облысының әлеу­меттік-экономикалық дамуы бойын­ша есеп берді. Атқарылған іс­тердің Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жыл­ғы 1 қыркүйектегі Қазақстан хал­қы­на Жолдауында қойылған тап­сырмаларға, сондай-ақ стра­те­гиялық, мемлекеттік және са­ла­лық бағдарламаларға сәйкес құрал­ғанын айтты.⠀ Ал екінші мәселе бойынша Маң­ғыстау облысының әлеумет­тік маңызы бар қатынас жолдары­ның Ақтау-Жаңаөзен-Ақтау, Ақ­тау-Тұщықұдық-Шебір-Ақтау, Ақ­тау-Форт-Шевченко-Ақтау тіз­­бесін фракция мүшелері бі­рауыз­дан қолдап, осы жобаға ке­тетін шығынның есебін сұрады.⠀ Күн тәртібінде қаралған мә­селелер бойынша фракция мү­шелері алда өтетін облыстық мәс­­лихаттың сессиясында ынты­мақ­пен дауыс беруге келісті. Со­ны­мен қатар түскен ұсыныстар мен сұрақтар тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, атқарылуы партия бақылауында болатыны айтылды.

 Мадияр ТӨЛЕУ