Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке елеулі үлес қосты
Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке елеулі үлес қосты
207
оқылды
– Отыз жыл ішінде, 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан бері, Қазақстан Республикасы жаһандық қауіпсіздікке елеулі үлес қосып, Орталық Азияда ғана емес, халықаралық аренада да өзін сәтті көрсетті. Қазақстан Президенті лауазымына отырғаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік, экономикалық, саяси, конституциялық және институционалдық реформалар жүргізе отырып, өз елін жаңғыртуға елеулі күш салды. Оның ең үлкен жетістіктерінің бірі – Қазақстанда жүзден астам этникалық қауымдастықтар мен діни бірлестіктер арасындағы бейбітшілік пен келісім. Диалогқа ашықтық пен дайындық Қазақстанға халықаралық мәселелер мен қақтығыстарды шешуге тиімді қатысуға мүмкіндік берді. Н.Назарбаевтың 2003 жылы Қазақстанның жаңа астанасында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ашуы, Қазақстанның Сириядағы қақтығыстардағы бітімгер рөлі, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы елдің көшбасшылығы – бұл Қазақстанның Орталық Азияда ғана емес, бүкіл әлемде маңызы артуының өзекті мысалдары. Сіздің еліңізді жақсы білетін Швейцарияның француз тілді бөлігіндегі Қазақстан Республикасының Құрметті консулы ретінде мен Нұрсұлтан Әбішұлының есімін Қазақстанның гүлденуі мен жетістігімен байланыс­тырамын. Мен осы табысқа ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев негізін салған және оның жолын Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырған Орталық Азиядағы экономикалық даму жағынан ең жетекші елдің мүддесін білдіретінімді және алға жылжытқанымды мақтан тұтамын.