Көлдің де жайын сұрамаБетіне қыста мұз қатқан.Елдің де жайын сұрамаАманат жүгі зілбатпан.Баланың жайын сұрамаБатпақта жатып тіл қатқан.Ауылдың жайын сұрамаҒапыл да болған ғажабы.Ақынның жайын сұрамаАшқылтым тартқан ғазалы.Ақсақал жайын сұрамаАузынан қашқан азаны.Ұл-қыздың жайын сұрамаӘлдекімдердің мазағы.Намысым қайда кешегіЕңсесі көкпен ендескен?Арысым қайда кешегіАта бір жаумен белдескен?Шешенім қайда кешегіШекпенділермен шендескен?Көсемім қайда кешегіТөскейде туып, төрде өскен?Белдігің қайда кешегіБектерше бекем буынған?Ерлігің қайда кешегіҚынаптан қылыш суырған?Теңдігің қайда кешегіТебінгі термен жуынған?Өрлігің қайда кешегіӨзекті өрттей қуырған?..Жетесіз неге көбейдіЖесірдің жасын жек көрген?Жетпегір неге көбейдіЖетімнің асын жеп келген?Доңызың неге көбейдіБөксеге қарнын бөктерген?Қоңызың неге көбейдіКүндіз де түні боқ терген?Ат жалын тартып мінбесе,Бағыланың оғлан бола ма?Біріңді бірің күндесең,Орданың ісі оңа ма?Баянды бабын білмесең,Басыңа бақыт қона ма?Кежегең кейін тартқаншаКелсең бір етті тобаңа?!