Жүйкемді жүндей түттің-ау!...

Жүйкемді жүндей түттің-ау!...

Көзге көрінбейтін пәле ғой мынау...

Мына короновирус адамды шаршатты! Әсіресе, менің әйелімнің жүйкесі қылдай болды. Қисық мінезі пайда болды. – Жаным... –дедім оны құшақтап. – Әркімнің жаны өзіне, менің жанымда нең бар?... – Таң атты. Осылай жата береміз бе? – Жатсам, жарылып кетпейтін шығармын... – Өкпелісің бе, әлі? – Жоқ, қуанғанымнан ыржиып жатырмын! – Төуу, тура сөйлеші... – Тура сөйлемесем, турап жейін деп пе едің? – Алтыным менің! – Сол танысқан Алтыныңды құшақтай бер! – Жоқ, сені алтыным деп жатырмын. – Мені жез, қалайы, темірім десең де жетеді... – Қойшы... – Сиыршы... – Ашуланамын енді... Сабыр сақта... – Сабыр сары май емес, сақтайтындай! – Өшір үніңді деймін! –деп ашулана бастадым мен. – Үнімде свет жоқ... – О, шешеңнің... – Атын әлі білмейсің бе? – Миымды жеме! – Аштан өлді дейсің бе? – Осы менің шешем саған неге жақпайды? Туған күнімен құттықтап, алтын сырға әперсем, құлағынан түсіп қала ма? – Құлағынан түсіп қалса, іздеп жүрейін бе? – Сенде бет жоқ екен! – Сатып әперейін деп пе едің? – Ноқатың кем... – Түгендеп бер... – Темекі шекпе деймін, көрпеміз өртенеді! – «Пожарный» шақыр... – Қатипаш, шаршаған жоқсың ба? – Шаршасам, көтеріп жүрейін деп пе едің? Орнымнан тұрып, өзім шәй дайындадым. Беті- қолымды жуып болған соң, жатын бөлменің есігінен сығаладым. – Қатипаш, бетіңді жу. – Түкіріктеп жуа салам. – Шәй ішейік. – Кеше ішкенмін... – Ей, мозга... – Сондай кино көрдің бе? – Басым қатты деймін! – Енді бас деген жұмсақ болмайды ғой? – Әндетейін бе? Мүмкін өкпең жазылар? «Сенің анаң алтын, менің анам алтын...» Жүр, сенің мамаң, менің енемді туған күнімен құттықтап, құлағына алтын сырға тағып келейік! Сол екен, әйелім ұшып тұрып, мені құшақтай алды. – Құшақтама, тынысым тарылып кетеді... Ол менің бетімнен сүйді... – Сүйме, бетімдегі ұшығым жарылып кетеді... Көң арасында жатқан көңілі көтеріліп, Қатипашым екеуміз шәйді көңілді іштік... Тек анамды ұялы телефоным арқылы СМС-пен құттықтап үлгердім... Ой, атаңа нәлет, короновирус–ай, әйелімді қалай–қалай өзгертіп жібергенсің?

Мұхтар ШЕРІМ

Нашақ?

Құрметті оқушым, қазір ұялы телефоныңыз­дағы жазбалар мен аудио дауыстарыңыз тыңдалады екен. Үш әріп жақтан. Сондықтан, сөздерді керісінше оқуларыңызды өтінемін. Ешек  ріб  мысод ідлек.. – Нашақ йоқ енітсү  йағротзоб  ыдйалақ­трымұж?–пед ыдарұс ло. – Йадұқ асалақ. – Нашақ? – Зымылйанұм, низнеб назра аб? – Қож. – Неткілйедек қыдлытұқ  ап? – Қож. – Та йеднілебөт ралйаб анағ тахар рімө пірүс рытаж. Зіб еш? – Қож. – Едле телідә нашақ ыдйанро? – Йоқ  енітсү ралйағротзоб пөөк яұ пылас аднағатсат. – Нашақ? – Рало нірәб пеж іттіб йоғ! Егзіб ыдлақ ам? – Қож. Танысым менімен қоштаспастан, «Нашақ? Нашақ?» деп сөйлеп бара жатты.  Мен де керісін­ше сөйлеп: «Нашақ? Нашақ? –деп күбірлеп келемін. Шынында, қой үстіне нашақ бозторғай жұмыртқалайды екен?

Мұхтар ШЕРІМ