Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Сурет: malim.kz сайтынан алынды
131
оқылды

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсетті. Ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталады", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев желідегі парақшасында.
Еске салсақ, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.