Синоптиктер бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Павлодар облысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақсан облысында түнде жаңбыр жауады, өңірдің оңтүстік-батысында нөсер жауын, күндіз басым бөлігінде жаңбыр күтілуде. Оңтүстік-батысында – найзағай, бұршақ, күндіз дауыл соғады.
Қарағанды облысында да найзағай жарқылдайды, желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысында да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз 29 тамызда Түркістан облысының тауларында найзағай ойнайды. Облыстың батысында және таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтанда да жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл болжанып отыр. Сынап бағанасы 21-23°C дейін түседі.