Путин Қазақстан Президентіне көңіл айтты
Путин Қазақстан Президентіне көңіл айтты
278
оқылды

Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты, — деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Жамбыл облысында жарылғыш заттардың жарылуынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын. Қаза болған азаматтардың отбасыларына қолдау мен жұбату сөздерімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деді Путин.
Еске салсақ, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймаларының бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы трагедияға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.