30 тамыз күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ертең солтүстік пен шығыста найзағай ойнап, жел күшейіп, қатты жауын болады.
30 тамызда Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен солтүстігінде желдің екпіні секундына 16 метрге жетеді. Басым бөлігінде өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында қатты жауын болады. Күндіз шығысында бұршақ жауады. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының орталығында тұман болады. Оңтүстік-батыста өрт қаупі жоғары. 1 қыркүйек түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
30 тамыз Қостанай облысында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.
30 тамыз - 1 қыркүйек Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында да үсік жүреді.
Ақмола облысында да үсік жүреді.
Нұр-Сұлтанда да дабылды ескерту жарияланды. Түнде плюс 5-7, күндіз 16-18 градус жылы.
Түркістан облысында жел болады, өрт қаупі сақталады.