"Тәуелсіздік жылдарында Алматы полициясының 70 қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты, олардың 32-сі қылмыспен бітіспес күресте. Бесеуі Әуезов аудандық Полиция басқармасында қызмет етті. Олардың адалдығы мен ерлігі тарихта қалады, барлық уақытта заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етуде үлгілі қызмет көрсетудің үлгісі болады және ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалады. Батырлардың есімі біздің жүрегімізде және жадымызда мәңгі сақталады", – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар ПД басшысы дәстүрлі мереке қарсаңында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкері Мақсат Дабыловтың отбасына барды, ол 2011 жылдың қарашасында қылмыскерлер-деструктивті діни ағым ұстанушыларының заңсыз әрекеттерін тоқтату кезінде қаза тапты.
Фото: polisia.kz