Полицейлер жоғалған жасөспірім қызды Шымкенттен тапты – видео
Полицейлер жоғалған жасөспірім қызды Шымкенттен тапты – видео
Фото: polisia.kz
189
оқылды

Polisia.kz-тің дерегінше, Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол 16 жастағы қызы үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанына шағымданды.

Жасөспірім қыздың анасы өз бетінше екі күн іздеп, таппағаннан кейін полицейлерден көмек сұраған. Полицейлер жедел іздестіру нәтижесінде жоғалған қызды тапты. Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының инспекторы Бақдәулет Тастанбеков жоғалған жасөспірімнің барлық танысынан жауап алып, қыздың Шымкентте жүргенін анықтады.

Қыз отбасылық ұрыс-керістен кейін үйінен шығып кеткен. Шымкентте танысының қасында жатақханада болған.

https://youtu.be/geWkQZKEmKU