Полиция департаментінің мәліметінше, сағат 19.32-де тұрғын үйдің ауласында 39 жастағы Toyota Camry Gracia автокөлігінің жүргізушісі 1946 жылы туған әйел мен 2021 жылы туған сәбиді қағып кеткен.
Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров: «Апат салдарынан әйел мен кішкентай бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші орташа дәрежде мас болған», – деді.
Полиция автокөлік айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.