Сәтбаев су арнасындағы өрт: станция 270 миллион теңге шығынға ұшырады  
Сәтбаев су арнасындағы өрт: станция 270 миллион теңге шығынға ұшырады  
Фото: Облыстық ТЖД-нен алынды

Облыстық ТЖД-ның мәліметінше, биыл 29 тамызда «Сәтбаев су арнасы» ШЖҚ РМК филиалының №2 сорғы станциясында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Сорғы Екібастұз қаласынан 35 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Оқиға орнына келген кезде төрт деңгейлі темір бетон сорғы ғимаратының 3 және 4-ші деңгейде сегіз ұяшықтан тұратын бақылау-тарату құрылғысы, ағаш есік, жалпы алаңы 150 шаршы метр ағаш қабырғалардың қаптамасы, 100 қума метр оқшаулау күштік кабельдің жануы анықталды», – деді департамент өкілі.

30 тамызда өрт салдарынан бірнеше агрегат істен шыққан. Материалдық шығын көлемі – 270 млн. теңге. Сорғы станциясының басшысы В. Егердің айтуынша, жөндеу жұмысы шамамен 10 күнге созылады. Елдімекендерге қауіп төнбейді.

Қазіргі уақытта Екібастұз су қоймасында 17 млн. текше су, Екібастұз қаласының суды тұтынудың айлық нормасы – 1,7 млн. текше. Қарағанды облысына да төніп тұрған қауіп жоқ.