Жалпы, кез келген мемлекетті өзге елден биік, беделді ететін үш тұғыр бар. Ол – айбынды әскер, қарыштаған экономика, демографиялық өсім. Мұның бірі екіншісінен әлсіз болса, ол мемлекеттің әлем алдында абыройы төмен. Сондықтан ел әскерінің қуатты әрі барлық жағдайға сақадай-сай болуы – маңызды. Тіпті, бұл осы саланы басқаратын басшыларға да байланысты. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық тарихында қорғаныс саласын кімдер басқарғанын, жеткен жетістіктері мен жіберген кемшіліктері, қандай ісімен ел есінде қалғанын анықтамақ болдық...
Өйткені Сағадат Қожахметұлының әскери тәжірибесі мол. 18 жасында кеңес әскер қатарына қабылданған ол, Түркіменстанда пулеметшiлер дайындайтын училищенi үздiкке бітірген. Кейін взвод командирi ретiнде майдан шебiне аттанады. Соғыс жылдарында Варшава қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан Магнушев қаласын жау әскерінен тазартуда Нұрмағамбетов әскерлерді сауатты басқара білуімен көзге түскен. Сонда Кеңес Одағының маршалы Жуков Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының батыры атағын беруді ұсынады. Осылайша, 1945 жылдың 27 ақпанында 21 жасында оған Кеңес Одағының батыры атағы берілген. Міне, осындай жанның еліміздің қорғаныс саласын басқару заңдылық еді.
Өзіне деген Президенттің сенімін қайтарған Алтынбаев Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб арасында функцияларды бөле отырып, әскери салаға реформа енгізді. Тіпті, елінің игілігі жолындағы еңбегі үшін оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
Бір кездері Қорғаныс министрлiгiнде пәтер бөлуде орын алған келеңсiздiктер де өрши түсті. Жүздеген пәтердiң заңсыз үлестiрiлуi – қоғамды дүрліктірді. Ең қызығы, 2009 жылдың сәуірінде, Ахметовтің жұмыстан босатылуына екі ай қалғанда, оның орынбасары генерал-майор Қажымұрат Маерманов ұсталды. Маерманов сыбайлас жемқорлық қылмысы, пара алғаны және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 11 жылға сотталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қорғаныс министр қызметіне Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Ол өзінің алдында болған экс-министр Ахметовтің ісін жалғастырды. 2009 жылы 3 мыңнан астам әскери қызметшіге жаңа пәтер берілді.
Осылайша, Серік Ахметов 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда, «бас бостандығынан айыруды шектеуге ауыстыруға байланысты» ол жарты жылдан кейін босатылды.
Елордада «Арлан» көпмақсатты маневрлі броньды машиналардың, яғни, миналар мен баллистикалық снарядтардан керемет қорғайтын жауынгерлік іс-қимылдардың төтенше маневрлі аспабының іске қосуы ретке келтірілді. 2016 жылдың наурызында ҚР Қорғаныс министрі алғашқы қазақстандық патрон зауыты құрылысының басталуына жол ашты.
Бұл – Ермекбаевтың қорғаныс министрі қызметіндегі екінші апат. 2019 жылы осыған ұқсас жағдай Түркістан облысы Арыс қаласында болған. Ол жерде әскери қоймада жарылыс болып, төрт адам қайтыс болды. Ондаған адам жарақаттанған. Апат салдарынан ондаған мың адам үйін тастап, босып кеткен.
Мәселе - қорғаныс саласын кімдердің басқарғанында емес, қандай нәтижелі жұмыс атқарғанында. Осы тұрғыдан келгенде, соңғы жылдары мемлекет тарапынан әскеріміздің әлеуетін көтеруге байланысты шаралар атқарылуда. Десе де, саланы бертінде тізгіндеген министрлердің «қайтсем, қорғанысты қауіпсіз етемін…» деп білекті сыбана еңбек еткенін байқамадық. Әлі де көп нәрсе шешімін таппай келеді. Ал ендігі сайланған Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов не істейтінін уақыт көрсетер. 30 жылда – 12 министр. Аз ба, көп пе?