Әнші Жазира Байырбекова отбасылық өмірінің алғашқы жылдарын еске алды. Бұл туралы өнер иесі Мамский әңгіме жобасында айтты.
Жазира Байырбекова: "Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алсам деп ойладым"
5,381
оқылды

Жазира Байырбекова 18 жасында тұрмысқа шығып, ауылда тұрып, ененің қатал тәрбиесінен өткенін әңгімелеп берді.

"Ауылда жүрген кезде бәріне көндік. Жұмыссыз болдық бәріміз. "Жанболат пен Жазираға мал бақтыратын шығармыз" деді. Үлкендер не айтса солай болады. Мал бақтырамыз дегенде, қай ыдысты алып кетсем екен деп жүретін едім", - дейді әнші.

Оның айтуынша, тұңғышы Қазбектің кішкентай кезінде ойыншық сатып алуға қаражат болмаған.

"Қазбек мектепте оқып жүргенде айтамын. Біздің мал бағуымыз да мүмкін еді. Өзіміздің емес, жұрттың малын. Сен малшының баласы да болуың мүмкін еді. Сондықтан "мұндай жерде тұрмас едім деп айтуға болмайды" деймін. Менің кез келген жерде тұруым мүмкін еді. Адам ешқашан "олай етпес едім, мұндай тұрмас едім" деп айтуға болмайды... Алла Тағала бізді осы жолға әкеліп, бәрін реттеп, "сенің өмірің мынау деп көрсеткендей" болды. Қазір 45 жастан асқанда өмірдің бақытын, рақатын енді көріп бастаған сияқтымын", - дейді әнші Жазира Байырбекова.