ЕАДБ Қазақстан нарығында дамуын кеңейтеді
ЕАДБ Қазақстан нарығында дамуын кеңейтеді
467
оқылды
«Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Басқарма төрағасы Андрей Бельянинов стратегиялық әріптестікті дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. ЕАДБ елдің нарықтық экономикасын дамытуға, тұрақты экономикалық өсуге және өзара сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюіне ықпал ету мақсатында «Самұрық-Қазына» қорымен ынтымақтастық арқылы Қазақстан нарығында өзінің дамуын арттыруға ниетті. ЕАДБ меморандумға сәйкес «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды суағарын қайта жаңарту және кеңейту жөніндегі жобаны», «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Бейнеу-Шымкент Газ Құбыры» ЖШС, сондай-ақ «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ қаржыландыру жөніндегі жобаны» қоса алғанда, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ компаниялары топтарының инвестициялық жобаларын қаржыландыруға қатысатын болады. Ынтымақтастық шеңберінде тараптар қаржыландырылатын жобаларды банк қызметінің халықаралық стандарттарына, әлеуметтік-экономикалық тиімділікке және интеграциялық процестерді дамытудың сәйкестік өлшемдері бойынша мұқият іріктеуді жүргізуге міндеттенеді. Ахметжан Есімов ЕАДБ тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобаға – Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларын қамтитын «Сарыарқа» газ құбырының құрылысына және жақын орналасқан 171 елді мекеннің 2,7 млн.адамына қатысты екенін атап өтті. «Банк өңірде бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда белсенді ұстаным алуда. Жобалар арасында Елбасы идеясы бар "Сарыарқа магистральды газ құбырын салу" ерекше маңызға ие. Жоба біз үшін өте маңызды, өйткені ол халық пен кәсіпорындарды сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің солтүстік және Орталық өңірлерінің экологиялық көрсеткіштерін де жақсартады. Бұл банктің Қазақстандағы жаңа бағыттарды дамытуға деген біздңғ көзқарасымызды бөлісетінін білдіреді», – деді А.Есімов.  width= Сонымен қатар, Банк өңірде инвестициялық жобаларды іске асыруда белсенді позицияны ұстанып отыр. Ағымдағы жылдың басында Банктің инвестициялық портфелі 4,322 млрд. Олардың арасында «Самұрық-Қазына» АҚ тобымен бірлескен жобалар аз емес. Аталған жобаларға инфрақұрылым, энергетика, мұнай-газ және басқалар саласындағы жобалар жатады. «Бізді тек көлемдер ғана емес, сонымен қатар перспективалық бағыттар, атап айтқанда энергетика да қызықтырады. Бізде «Самұрық-Қазына» қорының көмегімен Еуразиялық одаққа кіретін үшінші елдердің нарықтарына шығуды жоспарлап отырмыз, сонда біз өнеркәсіп пен энергетиканы дамыта аламыз. Олардың қатарына Тәжікстан мен Қырғызстан сияқты елдер кіреді», – деді А.Белянинов. Айта кеткен жөн, Қазақстан Ресеймен қатар Еуразия даму банкінің жарғылық капиталының шамамен үштен бір бөлігіне ие ірі қатысушысы.