Сіз кімсіз, Мұрат Бектанов мырза? 
Сіз кімсіз, Мұрат Бектанов мырза? 
Мұрат Бектанов ©️akorda.kz
452
оқылды
2019 жылы 24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери қоймада өрт шығып, жарылыс болғаны мәлім. Іле-шала алапат апатқа жол берген Қорғаныс министрлігіндегі бірнеше басшы қатаң сөгіс алды. Олардың қатарында бүгін жаңа Қорғаныс министрі атанған Мұрат Бектанов та, отставкаға кеткен Нұрлан Ермекбаев та болды.  Ашық дереккөздерде жаңа Қорғаныс министрі туралы мәлімет жоқтың қасы. Есесіне Мұрат Бектанов кейінгі 2-3 жылда қызметтік міндетін атқару кезінде бір-екі келеңсіз жайтпен журналистер назарына ілікті. 

"Ештеңе білмейсіз, содан былық көп…" 

2019 жылы қазан айында Мәжіліс депутаттары қорғаныс саласындағы заң жобасын талқылау кезінде ведомство өкілінен "Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндет тәртібінің" жүзеге асыру механизмдерін түсіндіруді өтінеді. Осы ретте заң жобасының тетіктерін түсіндіруге дайын болмаған қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулиннің қаһарына ілігеді.  Себебі Бектанов мырза:
"Алда-жалда соғыс бола қалса, қарапайым азаматтардың көлігі соғыс жағдайына байланысты әскери қажеттілікке айналады да, біздің меншікке өтеді", – дейді.
Оның бұл сөзіне Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов:
"Қолданыстағы қаулыға сай, мейлі ол соғысқа дайындық болсын, соғыс уақыты болсын, азаматтардан алынған көлік үшін мемлекет толық өтемақы төлеуі тиіс", – деп жауап қайырады.
Міне, осы кезде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин:
"Ал Қорғаныс министрі ештеңе білмейді. Міне, сондықтан да сіздің ведомствода былық көп. Сіз бастықсыз ғой. Сіз білмесеңіз, қоластыңызда жұмыс істейтін офицерлер қайдан біледі?", – деп кейиді. 

Білген күнде де шешілмеген түйін салдары – Арыс жарылысы

Бұл – білмей қалған бір жағдай. Ал біліп тұрып, орындалмай қалған, салдарынан Арыс қаласы жарылған тағы бір жай бар. Мұны Мұрат Бектанов мырза мойындап, мәселенің мән-жайын журналистерге түсіндіріп берген-ді. Сол жылдары Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болған ол: 
"Қоймалар елді мекеннен 200 метр қашықтықта тұрды. Біздің ережелеріміз бойынша олар 3 шақырым жерде болуы тиіс. Бірнеше рет қашықтықты 10 шақырымға дейін ұзарту мақсатында құжаттар тапсырғанбыз. Алайда ол үшін адамдарды көшіру керек еді. Теміржол 800 метрде орналасқан. Оны да жылжыту қажет болды. Біз 2005 жылдан бері басқа аумақтарға оқ-дәрі тасымалдаумен айналысамыз. Қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан бәрін тасымалдап үлгермедік", – деп жауап берді.  
  Үш жылда екі жойқын жарылысқа жол берген жаңа Қорғаныс министрінің қызмет жолына қысқаша шолу: 05.04.2019 – 31.08.2021 жж. — Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қазақстан Қарулы күштері бас штабының бастығы.  28.09.2016 – 05.04.2019 жж. — Қазақстан Республикасы Қарулы күштері құрлықтағы күштерінің бас қолбасшысы. 2013-2016 жж. — ҚР «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. 2010-2013 жж. — ҚР Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау бөлімінің бастығы. 2007-2010 жж. — ҚР Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары.  Мұрат Бектанов мырзаның жұмыс өтілімен толығымен танысқыңыз келсе, мына сілтемеге өтуге болады.  Айтқандай, Мұрат Кәрібайұлы Бектанов 1965 жылы қыркүйектің 18 күні Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.  [caption id="attachment_159591" align="alignnone" width="840"] width= ©А.Ахметқазы[/caption]