Екі жедел жәрдем қызметкері көз жұмды
Екі жедел жәрдем қызметкері көз жұмды
© inbusiness.kz
264
оқылды

29 тамыз күні сағат таңғы 05.45 шамасында Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде Toyota Land Cruiser мен жедел жәрдем автокөлігі соқтығысып, салдарынан екі жедел жәрдем қызметкері ауруханада көз жұмған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған жедел жәрдем көлігін шетелдік көлік жаншып өткен.

Аталған жайтқа байланысты Қызылорда қалалық Полиция бас­қармасы арнайы ақпарат таратып, ондағы ақпаратта Toyota Land Cruiser автокөлігі жүргіз­у­шісінің «орта дәрежедегі масаң күйде бол­ғаны анықталды» де­лін­ген. Соны­мен қатар ол азаматтың 2016 жылы 5 жылға көлік құралын басқару құ­қығынан айырылғаны айтылған. – Қазір жол-көлік оқиғасы бо­йынша ҚР ҚК-нің 346-бабы­ның 6-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тек­серу амалдары жүргі­зілуде. To­yota Land Cruiser авто­көлігінің жүр­гі­зу­шісі Қызылорда қалалық По­лиция бас­қармасының уақытша ұстау абақ­­тысына қамал­ды. Тиісті сарап­та­ма­лар тағайын­далды. Оқи­ғаның мән-жа­йы анық­талып жа­тыр, – деді қа­лалық Полиция бас­қар­масының бас­па­сөз хатшысы Жанар Шұғла­нова. Оқиға болған күннің ертесіне қалалық №5 емхананың Facebook әлеуметтік парақшасында жол-көлік оқиғасының құрбандары осы медициналық нысанның же­дел медициналық көмек бөлім­шесінің фельдшері Жадыра Ома­рова және жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Бақытжан Маенов екені жария­ланды. Емхана ұжы­мы марқұм­дардың туған-туыс­тары мен от­бастарына көңіл айта отырып, қаза тапқандардың адам­гершілігі зор, жауапкершілікті, өз ісіне адал, нағыз кәсіби маман екенін айтқан.

Ерқанат СӘРСЕНБАЙ, Қызылорда облысы