15 қазанға дейін азаматтар санаққа онлайн режимде қатыса алады.
Сонымен, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында Ұлттық санақтың онлайн кезеңі жүргізіледі. Тәулік бойы sanaq.gov.kz сайтында санақ парағын толтыруға болады. Сондай-ақ сайтта парақты толтыруды уақытша тоқтату және кейін қайта жалғастыруға мүмкіндік бар.
Үй аралап жүргізілетін санақ 1-30 қазан аралығында өткізіледі. Бұл кезеңде онлайн санаққа қатыспаған тұрғындардың дерегін санақ жүргізушілер арнайы планшетке енгізеді.
Ұлттық халық санағын өткізу үшін 9,1 млрд теңге бөлінді. Санақ барысында 32 313 адам уақытша жұмыспен қамтылады.