Тарихқа айналған кезекті жыл. Осының алдындағы 2012 жылдың соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жариялаған еді. Бұл жылда экономика саласында да жеткен жетістіктеріміз аз емес.
Сапалық және саналық дамудың қозғаушы күші
Негізгі 7 бағыттан тұратын «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына жеткізу. Осы реттен алғанда бұл құжат экономикалық және әлеуметтік-тұрмыстық даму бағдарламасы ғана емес, сонымен бірге ұлттың сапалық жаңа деңгейге көтерілуі мен саналық дамуының да қозғаушы күші ретінде айқындалды. Ол жедел өзгерістер мен қарқынды бетбұрыстарға ие құбылмалы уақытта еліміздің адастырмас бағыт-бағдарына айналды. Сол себептен де бұл бағдарламаны халыққа түсіндірудің маңызы зор еді. 2013 жыл осы мақсатта кешенді жұмыстар жүргізілді. Байқаған адамға осы жылдан бастап елімізде атқарылған шаралардың қай-қайсысынан да «Қазақстан-2050» стратегиясының рухы аңғарылып тұрады. Сол жылдың өзінде-ақ жоғары деңгейдегі ірі жиындар көп өтті. Мәселен, 30 қаңтар күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен құқық қорғау органдарының 2012 жылғы жұмысын қорытындылау жиыны «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріне арналған кеңейтілген кеңес ретінде қарастырылды. Ал 24 сәуірде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Елбасының қатысуымен «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясы өтті. 20 қарашада елордада Қазақстан Республикасы судьяларының VІ съезі болып өтті. Осы алқалы жиында сөз сөйлеген Елбасы «Қазақстанның сот жүйесі алдыңғы қатарда болуы қажет. Бұл туралы мен стратегияда нақты көрсеттім. Барлық құқық қорғау органдары ішінен ең жоғары тұрғаны Жоғарғы Сот болып табылады. Жоғарғы Соттың абыройы – Қазақстанның абыройы, жалпы биліктің абыройы. Біз «Қазақстан-2050» стратегиясын темірқазық ете отырып, сот жүйесін жетілдіруді жалғастыра беруіміз қажет», – деді.Үдемелі инновация – даму кепілі
Жаңа мыңжылдықтың алғашқы 10 жылдығынан бастап мемлекет экономиканы жаңашылдықтармен жандандыра түсуге ерекше ден қоя бастаған болатын. Осы орайда «2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы» қабылданып, оның аясында республикалық және өңірлік деңгейдегі индустрияландыру карталары әзірленді. Осы мемлекеттік бағдарлама 2012 жыл соңында жария етілген «Қазақстан-2050» стратегиясының бір бағыты ретінде де қарастырылған болатын. Елбасының тікелей тапсырмасына орай, мұндағы жұмыстар одан сайын жандана түсті. 2013 жылдың аяғына қарай Индустрияландыру картасы өзектендіруді қоса алғанда 11,5 трлн теңге сомасындағы 872 жобаны қамтыды. Осылайша, құрылыс кезеңіне 228 мың жұмыс орны және пайдалануға беру кезеңіне 192 мың жұмыс орны қамтамасыз етілді. Индустриялық жобалар бірінші кезекте агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс индустриясы, мұнайды қайта өңдеу, металлургия, химия өнеркәсібі және фармацевтика, энергетика, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылым секілді басымдықты салаларда жүзеге асырылды. Индустриалды-инновациялық даму нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің тұрақты дамуы байқалды. Қазақстанда алғаш рет электр модульдерінің өндірісі ұйымдастырылды. Жаңа сала – көліктік машина жасау саласы пайда болды. Алғашқы онжылдық аясында автомобиль және ұшақ жасау, тепловоздар, жолаушылар және жүк вагондарының өндірісі құрылды. ҮИИД МБ жүзеге асыру басталғаннан бері игеру өнеркәсібінің көрсеткіштері айтарлықтай өсті. 2013 жылы индустрияландырудың алғашқы қарлығаштары іске қосыла бастады. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпірде отандық локомативтер шығаратын зауытты ашты. Мемлекеттік бағдарлама нәтижесінде 2008 жылдан бастап алғанда мұнай-газды қайта өңдеу өндірісі – 5,1 есеге, мұнай кәсіпшілігі – 3,2 есеге, ауылшаруашылық техникасы 2 есеге өсті деуге болады. Бағдарлама жүзеге аса бастаған 4 жыл ішінде еңбек өнімділігі 1,4 есе артып, бір жұмысшыға $38 мыңнан $50 мыңға дейін жетті.Теңдесі жоқ Қашаған жобасы
Жылдың жарқын жетістігінің бірі – Қашаған кен орнының іске қосылуы. Бұл еліміздегі ғана емес, мұнай әлеміндегі елеулі оқиға еді. Қашаған – Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан, соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең соңғы ірі кен орны. Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 шақырым жерде, судың тереңдігі 3-4 метрді құрайтын қайраң аймағында орналасқан, аумағы 75 шақырым x 45 шақырымды құрайды. Кен орнының коллекторы теңіз түбінен 4 200 метрдей тереңдікте жатыр. Ол 700 бардан астам жоғары қысыммен және күкіртсутектің (H2S) тым қоюлығымен сипатталады. Бұл ретте күкіртті газды жоғары қысыммен кері айдау мұнай беру деңгейінің ұлғаюына әкеліп отыр. Теңіздегі қатаң экологиялық жағдайға және жобалау, логистика мен қауіпсіздік саласындағы мәселелерге байланысты Қашаған әлемдегі ең күрделі салалық жобаның бірі болып есептеледі.Енді VI форум аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен және Елбасының жетекшілік етуімен тұңғыш рет Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өтті. Осылайша, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында әлемнің 132 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық белгілі ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, саясаткерлер мен беделді экономистер, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары, халықаралық қаржы ұйымдарының жетекшілері мен ірі бизнес өкілдері жаһандық экономика түйткілдерін арнайы ұйымдастырылған осынау алқалы жиында талқылап, БҰҰ-ның жаһандық дағдарысқа қарсы жоспарын жасады.
Зерттеу деректеріне сүйенсек, кен орынның мұнай қоры 9-13 миллиард баррель. Кен орнын шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игеруде. Консорциумға Eni (16,81%), «ҚазМұнайГаз» (16,87%), Total (16,81%), Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81%), CNPC (8,33%), INPEX (7,56%) компаниялары кіреді. 2013 жылғы 11 қыркүйекте Солтүстік Каспий қайраңындағы Қашаған кен орнынан мұнайдың алғашқы баррелін өндіру басталды. Кен орнына ХІХ ғасырда Маңғыстау облысында дүниеге келген қазақтың әйгілі жырауы Қашаған Күржіманұлының есімі берілген.Саяси-әлеуметтік реформалар бастауында
Жаңа ғасырдың бір мүшелі елімізде саяси-әлеуметтік реформалардың жүзеге аса бастауымен де есте қалды. Ел тарихында тұңғыш рет аудандық маңыздағы қалалардың, селолық округтердің, селолық округ құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың әкімдерінің сайлауы өтті. Жергілікті билік органдары басшыларын мәслихат депутаттары баламалы негізде сайлады. Осылайша, 7 миллионнан астам тұрғыны бар елді мекендердің 2 454 әкімі сайланды. Бұл елдегі бүкіл әкімдердің 91 пайыздан астамы еді. Сайлауда бұрынғы әкімдермен қатар, біраз жаңа жас есімдер де өз бақтарын сынады. Кейбір округтерде олар жеңіске де жетті. Жанама сайлаудың арқасында ел сайлаған аудандық мәслихат депутаттары халықтың атынан өз құқықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдаланды. Конституциялық заң аясында өткен жергілікті әкімдердің сайлауы өткен 2013 жыл жаңаша саяси-әлеуметтік реформалардың бастауы ретінде тарихта қалды.VІ Астана экономикалық форумы
23 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жаһандық үнқатысу алаңына айналған Астана экономикалық форумы өтті. Естеріңде болса, 2012 жылғы V форум аясында өткен «Көшбасшылар пікір алысуы» отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өткізу жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Осы ұсыныс күн тәртібіне қойылып, қатысушылардың қызу қолдауына ие болған еді. Енді VI форум аясында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен және Елбасының жетекшілік етуімен тұңғыш рет Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы конференция өтті. Осылайша, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында әлемнің 132 мемлекетінен келген 11 мыңға жуық белгілі ғалымдар, Нобель сыйлығының лауреаттары, саясаткерлер мен беделді экономистер, БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары, халықаралық қаржы ұйымдарының жетекшілері мен ірі бизнес өкілдері жаһандық экономика түйткілдерін арнайы ұйымдастырылған осынау алқалы жиында талқылап, БҰҰ-ның жаһандық дағдарысқа қарсы жоспарын жасады. Бұл конференция аясында әлемдік қаржы жүйесін реформалаудың нақты жолдары қарастырылды. VІ Астана экономикалық форумының күн тәртібіне бес тақырып қойылды. Олар – нарықтағы шикізат бағасының тұрақсыздығы, инфрақұрылымға салынған инвестициялар рөлі, әлемдік нарықтағы бәсекелестік түйткілдері, экономикалық өсім мен әлеуметтік даму арасындағы тепе-теңдік, халықаралық қаржы жүйесін жетілдіру және оны тұрақтандыру. Сонымен қатар форум аясында тұңғыш рет ASTEX-2013 халықаралық көрме-конференциясы ұйымдастырылды. Көлік және коммуникациялар министрлігі мен «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі және «АКТ-ні дамыту қорының» ұйымдастыруымен ашылған бұл көрме Қазақстандағы ақылды технологияны меңгеру үрдісіне тың серпін берді. Ұйымдастырушылардың мақсаты – ASTEX-2013-ті ақылды технология-лардың ірі көрме алаңы ғана емес, әріптестер тәжірибе алмасатын және саладағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған халықаралық ком-муникативтік тұғырнамаға, меморандумдар мен келісімдер жасайтын, іскерлік байланыстармен қатар ұзақмерзімді серіктестік қарым-қатынастар орнататын орынға айналдыру.Нұрлан ҚОСАЙ