Жолдауда елдің әлеуметтік тұрмысын жақсарту мақсатында жасалып жатқан қамқорлық, мемлекет тарапынан көрсетілген көмек көлемі ауқымды екенін айтты.
Соған қарамастан, соңғы кездері қоғамда әлеуметтік жәрдемге ие болып, жұмыс істеуге құлықсыз еңбекке жарамды адамдар да бар екеніне де ескертті.
Мемлекет басшысы мұндай көзқарас ұрпақ тәрбиесіне, жастарды еңбекке баулуға кері әсер ететін айтты.
Қиын-қыстау кезеңде әлеуметтік осал топтағы азаматтарға көмек берілді.
Ал еңбек етуге мүмкіндігі бола тұра, жеңілдіктерді жаппай алуға ұмтылғандарды еңбек етуге шақырды.