Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-01.09.2021
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?-01.09.2021
© alau.kz
230
оқылды
"Қазгидромет" РМК 2-4 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне алып келген суық солтүстік-батыс антициклоны шығыс бағытқа ауысып, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік өңірлерінде топырақ бетінде түнгі үсік жүруі мүмкін. Еліміздің батыс өңірлерін, сондай-ақ атмосфералық фронттардың ықпалымен 2-3 қыркүйекте қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілетін елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарды қоспағанда антициклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының күндіз 25-30-ға дейін, республиканың оңтүстік жартысында 37 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі. Тек еліміздің батысында 17-25 жылуға дейін төмендейді деп күтілуде", – делінген хабарламада.