Мәжіліс депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Мәжіліс депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
Азат Сембинов, фото: zakon.kz
376
оқылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жасап, VII шақырылымдағы Парламенттің 2-сессиясын ашық деп жариялады, – деп хабарлады azattyq-ruhy.kz.
Сондай-ақ бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Азат Сембиновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Азат Сембинов өз өтініші бойынша қызметінен кету туралы өтініш берген.
«Мәжіліс депутаты Азат Сембинов өз еркімен міндеттерін атқарудан босату туралы өтініш берді. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Конституцияның 52-бабына, сондай-ақ «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес, депутат Азат Сембиновтың өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі мәселені шешу туралы ұсыныс енгізеді», – деп хабарлады Мәжіліс отырысында ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.
Азат Сембиновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімді Мәжіліс депутаттары қолдады. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин экс-депутатқа Алғыс хат табыстады. Азат Сембинов 2021 жылдың қаңтарында депутат болып сайланды. 2019 жылы «Бизнес» санатында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы атанды.