Жамбылдағы жарылыс: Желіде тараған видео кейіпкері оқиға қалай болғанын айтып берді
Жамбылдағы жарылыс: Желіде тараған видео кейіпкері оқиға қалай болғанын айтып берді
© видеодан алынды
282
оқылды
Жамбыл облысындағы жойқын жарылыс кезінде дәмханада болып, жарылыстан зардап шеккен әйел өзінің қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Желіде тараған видеода әйел жарылыс кезінде бір метр жерге ұшып түскені байқалады. Зардап шеккен тұрғыннан Aibat тілшілері сұхбат алған. Зардап шеккен әйел 39 жастағы Тараз тұрғыны болып шықты. Ол әріптесімен кешкі асқа дәмханаға барған. Алғашында ол не болып жатқанын түсінбей, иен далада өрт шықты деп ойлаған екен. Айтуынша, жақын маңда әскери бөлім бар екенін тек кейін білген.
"Жетіге он минут қалған сәт. Біз тамаққа тапсырыс бердік, сол жерде жойқын жарылыс болып, әйнектің күл-талқаны шықты. Мен жарылып кетеді деп ойламадым. Бірден орнымнан тұрып, не болғанын қарайын деп едім, толқын ұшырып әкетті. Бұлай болады деп ойламадым", – дейді видеодағы кейіпкер.
Жарылыстан әйелдің денесіне әйнек сынықтары кіріп кеткен. Алайда ол медициналық көмекке жүгінбегенін айтады.
"Әйнек сынықтары бетіме, денемнің көп жеріне кірді. Ештеңе естімей қалдым, шок алдым, денем де көгеріп қалды. Біз ауруханаға бармадық, тікелей қалаға дәріханаға бардық. Қажет дәрілерді алып, жарақаттарды өзіміз таңып, әйнек сынықтарын өзіміз шығардық. Әйнек сынықтарын өкшеден, аяғымнан және бетімнен алдым. Он шақтысын шығардым", – дейді ол.
Айтуынша, алғашқы күндері шок жағдайында болғанымен, қазір ол өзін әлдеқайда жақсы сезінеді.
"Қазір бәрі жақсы, бірақ жараларым аздап ауырады. Сол күні мен ұйықтай алмадым, екі күн шок болып жүрдім, жұмысқа да бармадым. Туыстарымның көпшілігі, ата-анам не болғанын білмейді. Мен оларға айтпадым. Олар алаңдамасын дедім. Халық та алаңдамасын. Мен үшін алаңдаушылық білдіріп жатқандарыңызға рахмет", – дейді әйел.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @aibat__kz