БҚО полицейлері заңсыз ауланған балықтың жарты тоннасын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
БҚО полиция қызметкерлері Ақжайық ауданының 29 жастағы тұрғынының Volkswagen Sharan автокөлігін тінту кезінде салоннан салмағы 500 келі болатын балықты тәркіледі.
Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Күдіктіден ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігіне (балықты заңсыз аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.