Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қалалық департаменті ірі көлемде жалған еуро сатқан күдіктіні ұстады.
Азамат Б.Қорғанбаев жалған еуроны Өзбекстанда құнының 50% төлеп, сатып алған. Кейін оны түрлі жолдармен Қазақстанда сата бастаған. «Аумақтық департамент қызметкерлері Шымкент қаласындағы банктердің бірінде жұмыс істейтін мамандардың клиенттерге 4 000 еуро бергенін анықтады. Тергеу барысында Б.Қорғанбаевтың бұл қылмысқа қатысы бары дәлелденді», – делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында. Б.Қорғанбаев бұған дейін алаяқтық әрекеті үшін сотталған. Ол ақша алған таныстарына қарызын жалған еуромен қайтарып отырған. Б.Қорғанбаев номиналы 500 еуро болатын 10 мың жалған еуроны заңсыз пайдаланған. Ол осы қылмыстық әрекеті үшін 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.А.ЖАНАСЫЛ