Саяси реформа іс жүзінде орындалып келеді
Саяси реформа іс жүзінде орындалып келеді
334
оқылды

Президент Жолдауында еліміздің күрделі әлеуметтік мәселелерін шешу­дің, экономиканы дамытуды тезде­тудің алғышарты айтылды. Ең бас­тысы, ко­ронавирус кезінде халықтың әлеуметтік жағдайын ұстап тұру. Сон­дықтан ең маңызды міндеттің бірі – төменгі жа­лақы мөлшерін өсіру. Бұл – үлкен қадам. Бұл шара 1 млн адамды тікелей қамтитын болса, еңбек етіп жүрген барлық азаматтарға жа­нама түрде әсер етеді. Яғни, төменгі жалақыны өсіру тапсырмасы орын­далса, ТМД елдерінің ішінде жалақысы жоғары ел боламыз. Екіншіден, кітапхана, мұрағат қызметкерлері жалақысын өсіру туралы айтқаны орынды. Себебі осы күнге дейін олардың жалақы­сы өте төмен болып келді. Бұл халықтың рухани әлеміне де тікелей әсер ететін дүние. Сонымен қатар ауыл әкімдерінің сайлауы біткен соң, 2024 жылы пилотты түрде аудан әкімдерінің де сайлауы болады. Бұл да еліміздегі саяси реформалардың іс жүзінде жүзеге асып жатқанын көрсетеді.

Мемлекеттік тіл жөнінде де тұшымды ойлар айтылды. Қазақ­станда жалғыз ғана мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді біліп, меңгеру – әрбір қазақстандықтың парызы және міндеті. Мемлекет қазақ тілінің қолдану аясын арттыруды жалғастыра береді. Бұл қадамдар диалог пен келісім режимінде іс жүзіне асырылуы тиіс. Бұл – халықтың әлеуметтік стандарттарын арттырып, дамыту үшін үлкен қадам. Саяси плюрализм мен қоғамдық реформалар салмақты, салиқалы түрде, ыждағатты түрде жүруі керек.

Ерлан САИРОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты