Қапшағайда жалған полицей ұсталды
Қапшағайда жалған полицей ұсталды
290
оқылды

Қапшағай қаласының полициясына 21 жастағы тұр­ғыннан арыз түскен. Ол «по­ли­цеймін» деп таныс­тыр­ған ер адамның сенімге кіріп, өзінен ақша алғанын хабар­лаған.

Бірақ қаражатты қайтарма­ғандықтан, полицияға арызда­нуы­на тура келіпті. Жедел із­дестіру кезінде 23 жастағы күдікті ұсталды. Қазір оның үстінен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі, яғни «Алаяқтық» бо­йынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Тәртіп сақ­шылары оның не себепті өзін поли­цеймін деп та­ныстырып, қандай мақ­сатпен ақша алғанын, соны­мен қатар өзге қылмыстарға қа­тысы бар-жоғын анықтап жа­тыр. Департамент ұсталған адам­ның полиция қызметкері емес екенін және оның бұл жұмысқа мүлдем қатысы жоғын мәлімдеді. «Тергеу барысында анықтал­ған­дай күдікті жәбірленушінің сені­міне кіріп, 737 мың теңге ақ­ша­сын иемденіп алғаны анық­талды. Жәбірленуші дер кезінде поли­ция­ға шағымданғандықтан, кү­дікті дер кезінде ұсталды», – дейді  ведомствоның баспасөз қызметі.

Айбике ЖАНАСЫЛ