Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
© inform.kz
"Қазгидромет" бірнеше облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, 3 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Петропавл қаласында да күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанып отыр. Өңірдің солтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Оралда кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түркістан облысының таулы аудандарында 15-20 м/с жел болжануда. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.