Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңде еліміздің одан әрі экономикалық дамуының нақты мақсаттарын қойды. Ендігі жерде Президент жүктеген міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету қажет. Заң шығарушы және атқарушы билік пандемияға байланысты қиын уақытта азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеуі керек. Халық пен кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуі нақты айтылды. Бұл ретте «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, жеңілдікпен несие беру бағдарламасын ұзарту маңызды құрал болып саналады.
Билік қызметін бағалаудың маңызды критерийі – салық төлеушілердің әлеуметтік маңызды мақсаттарға беретін қаржы қаражатын пайдаланудың тиімділігі. Көбінесе бюджет пен Ұлттық қор қаражаты мақсатсыз жұмсалып, оның соңы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға әкеп соғып жатыр. Осыған байланысты Парламент жыл соңына дейін мемлекеттік қаржыны басқару туралы заң жобасын әзірлеуі қажет. Инфляцияның жоғары деңгейі, бағаның негізсіз өсуі қазақстандық кәсіпорындардың даму әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін шектейді. Ұлттық экономиканың осалдығына алып келеді. Осыған байланысты Президент инфляцияны 4-6% дәлізіне қайтаруды тапсырды. Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау проблемалары ауыл шаруашылығы саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді. Субсидиялардың қолжетімсіздігі, қаражатпен толық көлемде қамтамасыз етілмеуі. Ақпараттық жүйелер жұмысындағы тұрақсыздық заңнаманың бұзылуына әкелді. Парламент мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қысқа мерзімде субсидиялау саясатының заңнамалық негізін нығайту туралы заң жобасын әзірлеуі тиіс. Бизнесті ынталандыру, жалақыны көтеру, бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу, экологиялық мәселелерді шешу секілді өзекті мәселе өз шешімін тапқанда ғана, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге болады.Ольга БУЛАВКИНА, Сенат депутаты