Азаматтардың құқығын бұзудың жолы кесілуі керек
Азаматтардың құқығын бұзудың жолы кесілуі керек
205
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздің одан әрі даму бағытын, елі­­міздің әлеуметтік-экономикалық жә­не саяси дамуының басым мақсат­та­рын белгілеп берді. Мемлекеттің аза­маттармен қарым-қатынасын жаңа­ша қалыптастыруға, артық сот рәсімдерін қысқартуға, азаматтар мен бизнестің қылмыстық процесс шеңберіне негізсіз тар­тылуын болдырмауға мүмкіндік бер­ген құқық қорғау және сот жүйелерінде жүр­гізіліп жатқан реформаларға тоқ­талды. Мемлекет басшысы алаяқтық пен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жасау, балаларға қарсы сексуалдық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, әсіре­се жастар арасында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірт­кінің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар кешенін әзір­леу қажеттігін атай отырып, қылмысқа қарсы күрестің прак­тикалық мәселелерін іске асыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

Азаматтардың құқығын бұзудың жолын кесу және құқықтық тетіктерді одан әрі күшейту мақсатында Президент прокурорлық қа­дағалау құзыретін кезең-кезеңімен кеңейтуді және жергілікті билік ор­гандарымен өзара тығыз іс-қимылдың маңызын айтты.  По­лиция­ның сервистік моделін ары қарай жалғастыруды тапсырды. Сонымен бірге Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ортамерзімді кезеңге арналған стратегиялық тұжырымдамасын әзірлеудің, оның ішінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың өзектілігін атап өтті. Меніңше Мемлекет басшысының адам құқықтарын қорғауды кү­шейту туралы айтуы құптарлық. Бұл ретте құқық қорғаушылар мен адвокаттардың қызметіне кедергі келтіретін заңсыз іс-әре­кеттердің жолын кесу қажеттігі өзекті деп білемін. Депутаттық кор­пустың алдында Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын арт­тыруға және олардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету­ге бағытталған тапсырмаларын заңнамалық бекіту бойынша үл­кен жұмыс күтіп тұр.

Владимир ВОЛКОВ, Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары  комитетінің төрағасы