Pfizer вакцинасы қашан әкелінеді?
Pfizer вакцинасы қашан әкелінеді?
127
оқылды

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президент Жолдауында қойылған тапсырмаларын орындау жос­парын жария етті. Мемлекет басшысы Дүние­­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген вакциналарды сатып алуды жеделдетуді жүктеген болатын.

«Министрлік ДДСҰ тіркеген бірқатар вакци­наларды сатып алды, олардың арасында Қытайда жасалған CoronaVac (Sinopec вакцинасы) және Vero Cell (Sinopharm) бар. Сонымен қатар Pfizer-­BioNTech вакциналарын жеткізу жоспарлануда. Қазір тасымалдау, жеткізу кестесі және шартқа қол қою мә­селелері пысықталуда», – деді А.Цой. Pfizer вакцинасы жыл соңына дейін елге жет­кізілуі тиіс.  Бұдан басқа, ел Президенті биоқауіпсіздікті бол­жаудың ұлттық жүйесін құруға және «Био­логиялық қауіпсіздік туралы» заң қа­былдауға тапсырма берді. Министрлік бұл тапсырмаларды биыл 29 мау­сымда Мәжіліс қарауына ен­гізілген «ҚР Биологиялық қауіп­сіздігі туралы» және оған ілеспе заң жобасы аясында іске асыр­мақ. Мемлекет басшысы санитарлық-эпидемиоло­гиялық сараптама зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары технологиялық жабдықтармен қамтуды тапсырды. «Зертханалық жабдықтарды жаңғырту – зерт­теулердің барлық спектрін орындауға, тестілерді өт­кізу уақытын қысқартуға, қызметтердің сапасын арт­тыруға мүмкіндік береді. Бұл мақсатқа респуб­ли­калық бюджеттен 4,7 миллиард теңге қарас­тырыл­ған»,– деді министр. Денсаулық сақтау жүйесіндегі инфрақұрылымды дамыту, кадрларды даярлау, халықты дәрімен қамту жұмысы жалғасады.

Елдос СЕНБАЙ